28 ақпан, сағ.10:45 ақпаратқа сәйкес 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтме жасап хабарлайды.
Ақтөбе облысы: «Ақтөбе-РФ шекарасы» тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрлері үшін); «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тасжолының ЭкоОйл — РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрлері үшін); «Самара-Шымкент» тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы-Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрлері үшін);
Қостанай облысы: «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылы — Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін); «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолы Октябрьское ауылы — Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрлері үшін); «Екатеринбург-Алматы» тасжолы Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін);
Солтүстік Қазақстан облысы (барлық көлік түрі үшін): «Екатеринбург-Алматы» тасжолы Қостанай облысы шекарасы — Тоқсан Би ауылы арасы; «Жезқазған-Петропавл» тасжолы Ақмола облысы шекарасы-Новоишимское ауылы арасы; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» тас жолы Сергеевка ауылы-Тимирязево ауылы арасы;»Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысы шекарасы«Тимирязево ауылы-Қостанай облысы шекарасы арасы;
Батыс Қазақстан облысы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):»Самара-Шымкент«тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысы шекарасы арасы.