Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Ауа райына байланысты 4 өңірде автожолдар ішінара жабық

28 ақпан, сағ.10:45 ақпаратқа сәйкес 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы: «Ақтөбе-РФ шекарасы» тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрлері үшін); «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тасжолының ЭкоОйл — РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрлері үшін); «Самара-Шымкент» тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы-Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрлері үшін);

Қостанай облысы: «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылы — Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін); «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолы Октябрьское ауылы — Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрлері үшін); «Екатеринбург-Алматы» тасжолы Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрлері үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы (барлық көлік түрі үшін): «Екатеринбург-Алматы» тасжолы Қостанай облысы шекарасы — Тоқсан Би ауылы арасы; «Жезқазған-Петропавл» тасжолы Ақмола облысы шекарасы-Новоишимское ауылы арасы; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» тас жолы Сергеевка ауылы-Тимирязево ауылы арасы;»Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысы шекарасы«Тимирязево ауылы-Қостанай облысы шекарасы арасы;

Батыс Қазақстан облысы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):»Самара-Шымкент«тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысы шекарасы арасы.

Back to top button