Атырау қаласының маңындағы Құрманғазы ауылының тұсында бір отбасының екі баласы Жайық өзеніне батып кетті. Бірінің мүрдесі табылды. Ал, екіншісін іздеу жалғасып жатыр.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, екі жасөспірім 1 тамызда түс мезгілінде өзенге батқан.
«Бұл туралы департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін сағат 14:53-те хабар түсті. Атырау қаласына таяу орналасқан Құрманғазы ауылынан тұсында екі жасөспірім Жайық өзеніне суға түскен. Екеуі де – бір отбасының баласы. Оның бірі – 2017 жылғы ұл, екіншісі – 2015 жылы туған қыз», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.