1 тамызда сағат 18:10 шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Х. Доспанова ауылында Шарон өзеніне суға шомылу кезінде 1 жасөспірім суға батып кеткені туралы төтеншеліктерге хабарлама түскен.
Аудандық ТЖБ, ПБ қызметкерлері мен ауыл тұрғындары іздестіру жұмыстарын жүргізді.
2 тамызда сағат 07:22-де Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері су асты іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 4 метр тереңдіктен 2010 ж.т.т жасөспірімнің денесін анықтап, судан шығарды.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 11 құтқаршысы, 1 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника жұмылдырылды.