Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Құлсары халқына үй сатып алуға, жөндеуге 70 млрд теңге аударылған

Атырау облысындағы Құлсары қаласының тұрғындарына су тасқынынан бүлінген тұрғын үйін жөндеуге, жаңа баспана салып алуға 70 млрд теңге аударылған. Бұл туралы Казинформ жазды.

Құлсары – Жылыой ауданының орталығы болғанымен, 2001 жылы моноқала мәртебесі берілген. Сәуірде Жем өзенінің арнасынан асқан тасқын су моношаһарға кірген еді.

Соның салдарынан тұрғын үй, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар бүлінді.

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің мәліметіне сүйенсек, тәуелсіз техникалық сарапшылардың қорытындысымен тасқын судан 2650 үйдің бүлінгені нақтыланған.

«Осы кезге дейін Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында тасқын судан баспанасы зардап шеккен 2633 тұрғын өтемақы алу үшін келісімшартқа қол қойды. Олардың бәріне де өтемақы төленді. Оның ішінде тәуелсіз техникалық сарапшылардың қорытындысына сәйкес үйі апатты деп танылған 1453 тұрғын баспана сатып алуға өтемақы алды. Өтемақы тұрғындардың жеке есепшотына аударылды. Енді олар Атырау облысының аумағындағы қала мен елді мекендерінен тұрғын үй сатып алуына мүмкіндігі бар. Құлсары тұрғындарына тұрғын үй сатып, не бүлінген баспанасын қалпына келтіру үшін жөндеу жүргізу мақсатында берілген өтемақының көлемі 70 млрд теңгені құрады. Өтемақы жергілікті бюджеттен, ірі компаниялар мен демеушілердің қаржысы есебінен аударылды», -деп мәлім етті Руслан Жұмағазиев.

Back to top button