Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда өкпе обырының алдын алу мақсатында ашық есік күні өтуде

1 тамыз — Дүниежүзілік өкпе обыры күніне орай Атырау облыстық онкология диспансерінде өкпенің қатерлі ісіктерінің профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша 1-2 тамыз аралығында ашық есік күндері өтеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігер-онколог Гаухар Каришованың берген дерегіне сүйенсек, бұл сырқатпен көбіне 40-тан асқандар ауырады.

-Ашық есік күндері пациенттерді 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылдаймыз. Бұл іс-шараның мақсаты — халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақытылы анықтаудың маңызы туралы хабардар ету. Статистикаға сәйкес, былтыр облыста 59 адамнан өкпенің қатерлі ісігі анықталса, биыл жеті айдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 72-ге жеткен, — деді Г. Каришова.

Біле жүріңіз, өкпе обырының белгілері: ұзақ мерзімді жөтел, алдымен құрғақ, содан кейін жеңіл қақырықпен, кейде қанмен араласады. Дер кезінде ем қабылдамаса, қақырық іріңге айналып, дене температурасын көтеріп, оған әлсіздік пен ентігу қосылады. Кейін қатерлі ісік пневмониясына айналады. Ал қатты асқынған жағдайда дауыс қарлығып, жүрек немесе қол аймағы ауырсынып, бет көгеріп, ісіп, мойын, қол, кеуде қуысының тамырлары да ісінеді.

Back to top button