Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Қоқыс жәшігіне жиһазды, үйді жөндегеннен кейінгі қалдықты тастауға тыйым салынады

Бұл туралы Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі жазды.

«Мұндай қатты қалдықтарды қалалық полигонға төге аласыз.

Облыстың қалалары мен елді мекендерін абаттандыру қағидасының екінші ережесінде белгіленгендей, тұрғындар ескі-құсқы жиһазын көлігімен арнайы орынға апарып, QR код арқылы ақысын төлегеннен кейін ғана тастай алады. Қалалық полигонға кіру құны бір текше метр мөлшерінде — 860,25 тг.

Егер көпке ортақ пайдаланатын қоқыс контейнерлеріне тастаса:

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабына сәйкес, ортақ орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау- бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 18 460 теңге айыппұл салынады.»

Back to top button