Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраудың Теплый арнасындағы балық өлімі оттегі жетіспеушілігінен болуы мүмкін

30 шілдесі күнгі мәлімет бойынша, Теплый арнасында су температурасы — 39,5 градус, оттегі мөлшері — 6 мл/дм3, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ақпараты бойынша, зерттеу барысында көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені арнасынан асып, төгілген өзен суы Соколок арнасына түскені анықталды. Осы тасқын сумен бірге Соколок арнасы арқылы балықтар төгіліп, Теплый арнасына түскен.
— Балық өлімінің болжамды себебі — Теплый арнасындағы су температурасының жоғарылауына байланысты суда оттегінің болмауы. Өлген балықтың жалпы салмағы — 28,5 кг, Атырау облысы бойынша экология департаменті зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды,-дейді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің бас маманы Алмас Жұмашев. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды толық сақтай отырып, өлген балықты жинау жұмысы жүргізілді.

Back to top button