102 операторына көпқатарлы үйдің 8-қабатындағы жедел сатыда қалып қойғаны жөніндегі хабарламаға Жедел басқару орталығының қызметкерлері шұғыл патрульдік экипажды бағыттады. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Ақжол Кибатоллаев және Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жалғыз қалып жылаған баланың дауысын естіп лифттің есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы шығарып, құтқарып қалды.
Жасөспірімнің анасы тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.
Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертеді.