Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырау балабақшаларында 17 мың балаға орын жетпей тұр

Атырау қаласында 122 балабақша бар. Бірақ, әлі де 17 мың балаға орын жетпей тұр.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, енді баласын кезекке тіркеген ата-аналарға төрт балабақшаны таңдау мүмкіндігі беріледі.

«Қазір Атырау қаласында 122 балабақша жұмыс істейді. Жыл басынан бері мемлекеттік 45, жеке иеліктегі 77 балабақша мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Бұл балабақшалардағы тәрбиеленушілер саны — 19 959. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар 11 783 тәрбиеленушіге қызмет көрсетеді. Ал, мемлекеттік тапсырыс алатын жеке иеліктегі балабақшаларға 7 823 бала барады. Шаһардағы 9 шағын орталыққа 353 бала барып жүр», -деді Айнагүл Дүйсекенова.

Оның дерегіне қарағада, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 9 балабақша қолданысқа берілген. Бұл балабақшалардың әрқайсысында 290 орын бар.

Атырау қаласында балабақшаның кезегінде 17 мың бала тұр. Қазір балабақшаның кезегіне қою, қабылдау процесі толықтай автоматтандырылды. Балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алудың жаңа ережесі бар. Соған байланысты біріңғай кезекке ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жаңа ережеге сәйкес ата-анаға бірден төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік беріледі. Содан соң 1414-тен өзі таңдаған балабақшаға кезекке қойылғаны туралы хабарлама келіп, электронды жолдама беріледі», -деп мәлім етті Айнагүл Дүйсекенова.

Back to top button