Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда 3-қабаттан құлаған 6 жасар баланың аяғына ота жасалды

Атырау қаласында 3-қабаттан құлаған 6 жасар баланың аяғына ота жасалды. Қазір ол аурухананың травматология бөлімінде ем алып жатыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше, 29 шілдеде терезеден 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Ауруханада баланың аяғына ота жасады. Аурухана дәрігерлері науқастың жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр. Қазір науқас облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде ем алуды жалғастырып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстайды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 29 шілдеде түсқайта сағат 16:00 шамасында Атырау қаласының Б.Құлманов көшесінде орналасқан 6 қабатты тұрғын үйде болған. Үйдің 3-қабатындағы терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Ол жедел жәрдем бригадасының көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Back to top button