Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.
Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, бұрынғы министр қамауда отыратын мекеме сот үкіміне сәйкес белгіленген.
«Сотталушы (Қ. Бишімбаев) сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жолданды. Сонымен қатар, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабы бойынша сотталғандар жазасын өтеу орындарына тіркеуге сәйкес жіберіледі», — делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, комитет Қылмыстық атқару кодексінің 93-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.