Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
23 шілдеде сағат 00:50 шамасында Атырау қаласы, Бесікті ауылы тұсында Жайық өзеніне белгісіз жағдайда 2 адам суға батып кеткен. Құтқарушылар дереу шақырту орнына жетіп, 2010 ж.т. және 2011 ж.т. 2 баланың суға батып кеткендігін анықтады. 2010 ж.т. баланың денесін туыстары өз күштерімен судан шығарып алған. Ал құтқарушылар 2011 ж.т. баланың денесін су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
— Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.