Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтып берді.
Биыл маусымда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылық 91%-ға, мамыр айымен салыстырғанда 42,5%-ға төмендеген.
«Соңғы аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 72 жағдайға төмендегені байқалады», — деді З. Ахметова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар, шілде айының басынан бастап көкжөтелмен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Соңғы аптада көкжөтелдің 60 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 50 жағдайға төмендеген.
«Қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық вакцинацияланбаған балалардың есебінен тіркелуге, бұл науқас балалар санының 80-нен 90%-на дейін құрайды. Балалардың 61%-ы екпеден бас тартуға, 22%-ы медициналық көрсеткіштер бойынша кейінгі қалдыруға, 17%-ы егу мәртебесіне жетпеуіне байланысты егілмеген», — деді ДСМ өкілі.