Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
20 шілдеде Атырау қаласы Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзенінде 2010 және 2011 жылы туған ағалы-інілі екі жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.
Екі күннен соң, таңертең 2010 ж.т. жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 5 км қашықтықта су бетіне шығып, құтқарушылардың күшімен судан шығаралған. Кейін сағат 19.30-да екінші баланың денесі 4,5 метр тереңдіктегі судан шығарды.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылған.