Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Биыл 100-ден астам медицина қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету жоспарланды

Атырау облысында өткен жылдан бастап өзге өңірлерден келген тәжірибелі және жас мамандарға біржолғы әлеуметтік өтемақы және қызметтік пәтер беру бағдарламасы жүзеге асуда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы облыс бойынша 103 маман әлеуметтік көмек алды. Оның 40-қа жуығы аудандық, ауылдық жерге жұмысқа орналасты. Оларға бес миллион теңге, ал Атырау қаласының медицина мекемелеріне жұмысқа орналасқандар үш миллион теңге көмек алды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, бұл бағдарлама медицина саласындағы кадр тапшылығын жою мақсатында іске асуда.

⁃ Аталған жобаға биыл өзгерістер енеді. Атап айтсақ, өтемақы көлемін арттыруды көздеп отырмыз. Қалаға келген мамандарға бес миллион, ауданға барғандарға жеті миллион, ауылға орналасқандарға он миллион теңгеге дейін көтереміз. Қазір бұл ұсынысты облыстық мәслихатқа ұсындық. Сонымен қатар «Отбасы банкпен» бірлескен жобамыз бар. Онда мамандар 5%-бен 20 жылға дейін, бастапқы жарнасыз пәтер сатып алады. Ал мамандарды шақыру үшін медициналық ЖОО-мен тығыз байланыстамыз. Оларға жыл сайын барып, түсінік жұмыстарын жүргіземіз. Қызығушылық танытушылар осылай көбейеді. Биыл да жүзден астам маман келеді деп күтілуде,- деді Қ.Абдалиев.

Былтыр қазанда жұмысқа орналасып, желтоқсанда әлеуметтік өтемақыны алған дәрігер акушер-гинеколог Гүлфара Көктенова мұндай мемлекеттік қолдаулар жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін айтты.

-Ресей мемлекеті Астрахань қаласынан медицина университетін аяқтап, акушер-гинеколог мамандығын Қазан қаласынан бітірдім. Жергілікті әкімшілік пен Денсаулық сақтау басқармасынан облыстық перинаталдық орталығына көп қолдау көрсетілді. Өзім жұмысқа орналасқан уақытта үш миллион өтемақы алдым. Бұл орталықта өте білікті мамандар көп, олармен бірлесе жұмыс жасап тәжірибемді арттырудамын. Мемлекеттің жас мамандарға деген қолдауына ризамын, деді Г.Көктенова.

Back to top button