Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 38664-ке дейін өсті. Бұл туралы дүйсенбіде анклавтың медициналық органдары хабарлады, деп жазады Синхуа.
Мәлімдемеде айтылғандай, соңғы 24 сағат ішінде Израиль әскерилері 80 адамды өлтіріп, 216 адамды жаралады. Өткен қазанда қақтығыс басталғаннан бері қаза тапқандардың жалпы саны 38 664-ке жетті, 89 097 адам жараланды.
«Әл-Кудс бригадалары» («Исламдық жиһад» қозғалысының қарулы қанаты) мүшелері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы Ябна босқындар лагерінде израильдік сарбаздар мен әскери көліктерді минометтен атқанын хабарлады.
Израиль қорғаныс армиясы Әл-Кудс бригадаларының шабуылына әлі түсінік берген жоқ. Дүйсенбінің басында әскерилер Газа секторы бойынша операцияларды жалғастырып жатқанын айтты. Соңғы күні Израиль әскери-әуе күштері мен Әскери-теңіз күштері анклавта «Террористік нысандарға» соққы беріп, құрлық әскерлеріне көмектесті.
Израиль 2023 жылдың 7 қазанында елдің оңтүстік аймақтарына жасалған топтың тосын шабуылына жауап ретінде Газа секторында ХАМАС-қа қарсы ауқымды шабуыл жасады. Салдарынан 1200-ге жуық адам қаза тапты, тағы 250-ден астамы кепілге алынды.