Италияда экстремалды ауа райынан соңғы екі күнде төрт адам қаза тапты.
Жылы ауа толқынын Италияға Африкадан Харон антициклоны әкелді және болжамдарға сәйкес, ол шамамен шілде айының соңына дейін сақталады.
Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, Римде соңғы күндері ауа температурасы Цельсий бойынша 38 градусқа жеткен.
Күннің ысуы қазірдің өзінде бірнеше адамның өмірін қиды. Соңғы екі күнде төрт адам қайтыс болды.
Осылайша, Апулияның оңтүстігіндегі Бари маңындағы Джовинаццо жағажайында 70 жастағы ер адам есінен танып, қайтыс болды. Римде тағы бір қарт адам қайтыс болды.
Италияның бірнеше аймағында жоғары температураға байланысты қызыл деңгей жарияланды.
«Қызыл аймақта» 12 қала бар: Анкона, Болонья, Кампобассо, Флоренция, Фрозиноне, Латина, Перуджа, Пескара, Риети, Рим, Триест және Витербо.
Италияның Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындар мен туристерге үйде болуды және сұйықтықты көп ішуді ұсынады.