Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда 17 жасар бозбаланы ұрып өлтірген ауылдасы қамалды

4 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында ауылдасының соққысынан 17 жасар жасөспірім көз жұмды.

Аталған дерек бойынша полиция «абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.

13 шілдеде оған сот шешімімен екі ай мерзімге қамау шарасы санкцияланды.

Тергеу прокуратураның ерекше бақылауында.

Back to top button