Атырау облысында қарақұрт шаққан 13 адам ауруханаға түскен. Оның ішінде 3 бала бар.
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстық ауруханаға түскен 13 адамды қарақұрт шаққаны анықталған.
«Науқастардың 4-еуі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, толықтай ем-дом шарасын алды. Ал, 9 адамға қарақұртқа қарсы екпе салынып, амбулаториялық ем алуға жіберілді. Облыстық балалар ауруханасына 3 бала түсті. Оның ішінде 2 бала жансақтау бөліміне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында болды», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.