Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраудың бір бөлігі мен Қызылқоға, Махамбет аудандары 5 сағат жарықсыз қалды

Атырау облысының энергетикалық кешенінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 9 шілде күні сағат 09:52 шамасында «KEGOC» АҚ жүйелік операторына батыс өңірде апатты режим жарияланғаны туралы хабар түскен.

«Сағат 11:05 шамасында апаттың алдын алу үшін автоматика іске қосылып, 110/35 кВ құрайтын бірқатар желілер ажыратылған болатын. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр. Атырау облысының энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес «Атырау Жарық» АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді. Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды», — деп хабарлады женргетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Түсқайта сағат 15:33 шамасында жарықсыз қалған барлық абонеттер толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілген.

Back to top button