Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры қызметін бір ай атқарған Ғалымжан Жусанбаев сот шешімімен жұмысына қайта оралды. Оның қызметінен кетуіне не себеп болған еді?
Ғалымжан Жусанбаев биылғы 10 қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директорлығына тағайындалған еді. Ол 2005 жылдан бері мұнай-газ өнеркәсібі саласында жұмыс істейді.
Осы саладағы бірнеше компанияға басшылық еткен. Әр жылдары «SAT Operating Aktau» ЖШС-нің зауытында бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдер» АҚ-да, «Petro Export» ЖШС-да бас директор лауазымын атқарып келген.
Алайда, бір айдан соң бас директор мен бас инженер арасында дау туындады.
Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК тарапынан құрылған арнайы комиссия Атырау мұнай өңдеу зауытын тексеруді бастады.
ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеевтің айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік, қаржы және құқықтық қызметіне толық тексеру жүргізіледі.
Компания барлық туындаған мәселені зауыт қызметкерлерімен ашық талқылауға дайын екенін білдірді.