Атырау облысында су деңгейінің тұрақтануына байланысты, гидрологиялық ақпарат беру тоқтатылады.
Бұл туралы «Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Салауат Туленов мәлімдеді.
«2024 жылғы 1 шілдеден бастап, Атырау облысының барлық гидрологиялық бекеттерінде су деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты, ақпаратты бюллетень түрінде беру тоқтатылады» делінген хабарламада.