Тасқын судың салдарынан бүлінген Атырау-Индер тас жолының 24 шақырымы уақытша қалпына келтірілді.
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, аталған жолмен көлік қатынасына 1 шілдеде рұқсат берілген.
«Атырау қаласынан Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне дейін қатынайтын жолмен әзірге тек жеңіл көлік жүре алады. Жолды уақытша қалпына келтіру жұмысына Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 10 адам, 36 техника жұмылдырылды», — деп хабарлады Атырау облысының жедел штабынан.