Жылыой ауданы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің түлегі, «Үздік аттестат» иегері Фарида Аманғали Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 130 балл жинады. Әзірге бұл аудан көлеміндегі ең жоғары балл. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі жазды.
«Өте қуаныштымын! Дегенмен алда әлі де бір мүмкіндігім бар, бұдан да жоғары балл жинайтыныма сенемін», — дейді Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді жоғары деңгейде тапсырып шыққан Фарида Аманғали.
Биыл 11 сыныпты 683 түлек тәмәмдап жатыр. Оның біреуі «Алтын белгі», 29-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. Бүгінге дейін 600-ден астам оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан.