Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,77 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 467,29 теңге.

Ұлттық банктің 25 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,33 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 466,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 469,3 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 464 теңге, сатып алу құны – 469 теңге.

Ресей рублі 5,13 — 5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Back to top button