Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда кәсіпорын жағымсыз иіс үшін 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

Атырауда серіктестікке медициналық қалдықтарды жою пешінен шыққан жағымсыз иіс үшін 923 мың теңге айыппұл салынды. Енді оның жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Атырау облыстық экология департаментіне 22 мамырда жергілікті тұрғын шағым түсірген. Оның шағымында 6 және 19 мамырда жағымсыз иіс шыққаны айтылған.

«Біздің департаментке жүгінген жергілікті азамат А.Қ. Атырау қаласындағы „Самал“ шағын ауданы мен Сарыөзек ауылында жағымсыз иіс байқалғанын айтып шағымданды. Жағымсыз иіс Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы аймағында орналасқан „Атаким“ ЖШС-нің медициналық қалдықтарды жою пешінен шыққан. Осыған орай департамент мамандары аталған серіктестіктің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру кезінде экологиялық заң бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты серіктестікке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 923 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button