Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда көлікке соғылған мопедтің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды

Атырауда мопед пен көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедтің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22 маусымда сағат 23:17 шамасында болған.

«Атырау қаласының маңындағы Водник шағын ауданында орналасқан минимаркеттің тұсында маркасы Kia Sportage автокөлігі мен мопед соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мопедтің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көз жұмған марқұмның жасы – 20-да», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр.

Back to top button