Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 7000-нан астам сәби дүниеге келген

Үкіметте «Аңсаған сәби» жобасының жүзеге асу барысы қаралды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаның басы-қасында жүрген репродуктолог мамандармен, қоғам белсенділерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып келе жатқан бағдарлама арқылы 7 мыңнан аса нәресте дүниеге келген болатын. «ЭКОМЕД» адам репродукциясы клиникалар тобының ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарова бала сүюді аңсаған азаматтар арасында оған сұраныс артып келе жатқанын жеткізді.

«Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз қарым-қатынаста атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бірқатар мәселелер шешімін тапты. Өз кезегін күткен жұптар қазір бұрынғыдан қарағанда квотаға жылдамырақ қол жеткізетін болды. Репродуктология саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы кездері эмбриондарды креоконсервациялаудың арқасында экстракорпоралды ұрықтандыру әдісінің нәтижелілігі артты», — деді Салтанат Байқошқарова.

Back to top button