Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 19 маусым күні сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде жануарды қатыгездікпен өлтірген 2003ж.т., 2007ж.т., күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 2003ж.т., күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.