Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда ауыр жүк көліктері тексерілді

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес, Атырау облысының аумағында «Назар аударыңыз! Ауыр салмақты автокөлік құралы!» науқаны өтіп жатыр.
Науқанның мақсаты — жалпы пайдаланымдағы жолдарда ауыр салмақты көліктерді бақылау.
Бүгін 5-маусым мен 5-шілде аралығын қамтитын акция шеңберінде «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы /Астрахан бағыты/» республикалық жолының 573-ші шақырымы, Қарабатан елді мекені тұсындағы демалыс алаңында Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, облыстық Жол полициясы, және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ өкілдері ауыр жүк көліктерін тексерді.
Ұлттық сапа орталығы филиалының инженері Мерей Телеуғалиевтың айтуынша, жолдардың тез тозуына жүк көліктерінің де әсері бар. Әсіресе, аптап ыстықта ауыр салмақ асфальттың тез деформациялануына ықпал етеді. Сондықтан, ауа температурасы көтеріліп, асфальт қызған кезде 8 тоннадан асатын көліктердің күндіз жүруіне, яғни 10-00 мен 22-00 аралығындағы қозғалысына шектеу қойылады.
Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Әнуар Бисалиевтің айтуынша, жаз мезгілінде жүк тиеген көлік салмағы 10 тоннадан асса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабы, 6-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Акция кезінде 10-нан астам ауыр салмақты көлік құралдары тексерілді. Жүргізушілерге ҚР Заң талаптары түсіндірілді.
» Жыл басынан бері ауыр салмақты жүктерді өткізу және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 67 әкімшілік іс қозғалды. Межелі көрсеткіштен асатын жүк тиегені үшін 17 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды»-дейді Ә.Бисалиев.

Back to top button