Футболдан Қазақстан кубогы финалына шыққан екі команда анықталды. Мұндай мүмкіндікке «Атырау» мен «Ақтөбе» клубтары ие болды.
Алғашқы жартылай финалда «Атырау» мен «Тобыл» кездесті.
Бірінші ойында қостанайлық клуб өз алаңында 2:0 есебімен басым түскен еді.
Бүгінгі ойын барысында атыраулық команданың басымдығы байқалды. Олардың қатарынан Николай Сигневич 18, 33-минутта қақпаны дәл көздесе, Якоб Новак 41, Ринат Жұматов 98-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Атырау» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.
Жартылай финалдағы тағы бір кездесуде «Елімай» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Кездесуде семейлік клубтан Роман Муртазаев 51, Дмитрий Шомко 59-минутта гол соқса, Максим Самородов 36-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Алғашқы ойында «Ақтөбе» 2:0 есебімен жеңген еді.
Екі кездесудің нәтижесімен олар финалға жолдама алды.
Финал 29 қыркүйекке белгіленген.
Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.