2024 жылғы 19 маусымда сағат 18:00-де «Атырау-Орал» автожолының 5-67 шақырымы аралығында
(Атырау қ. — Махамбет ауылы учаскесі) жеңіл және жолаушылар автокөліктері үшін жол қозғалысы ашылды. Бұл туралы Атырау облыстық жедел штаб жазды. Айта кетейік, бұл тас жол тасқын судың басуына орай осы күнге дейін жабық еді.