Облыс мешіттерінде таңғы сағат 6:30 да айт намазы оқылып, хұтпасы айтылды.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешітке келген жамағатты айт мерекесімен құттықтап, құрбан шалудың мәніне тоқталды.
«Құрбан айт мерекесінің мәні тереңде жатыр.
Еліміздің бірлігін, әр отбасының татулығын нығайтатын Құрбан айтта атқарған әр амалымыз қабыл болғай!» деді Бас имам.
«Иманғали» орталық мешітінде айт намазына төрт мыңға жуық адам қатысты.
Айт күндері облыстың барлық мешіттерінде мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық шаралары, балаларға арналған мерекелік іс-шара өтеді. Уағыз-насихаттар айтылады.