Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

️»Атырау — Орал» трассасының су басқан учаскелері қалпына келтірілуде

Қазіргі уақытта Сарайшық ауылы тұсындағы трассаның су басқан учаскесін уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев хабарлады.

«Сарайшық, Талдыкөл ауылдарына су басу қаупі төнгеннен кейін, «Атырау — Орал» трассасының 44, 56 шақырымы жырылған болатын. Жырылған жолдың 44 шақырымындағы бөлігінен әлі күнге дейін қатты ағыспен су өтіп жатыр. Жайық арнасынан асып кеткендіктен, су өз деңгейіне түсе қоймады. Дегенмен, 10 маусым күні «Қазавтожол» мекемесі жолды қалпына келтіруді бастады. Қазіргі уақытқа дейін жолға үш тұрба салынды.Тұрбаларды көбейтіп, жолды қосуға ағыстың қаттылығы себеп болып отыр. Бірақ, қатты тастар, топырақ салу жұмыстары үзіліссіз жүруде. Жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылып отырған адам, техника саны жеткілікті. Қатынас қалпына келтірілген уақытта тұрғындарға хабарлайтын боламыз» деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Back to top button