Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырау мұнай өңдеу зауытына 6 млн теңгеге жуық айыппұл салынып отыр.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауытының атмосфералық ауаның сапасын бақылау станцияларында құқық бұзушылық анықталған. Тексеру Атырау облыстық Экология департаментінің өтініші негізінде жүргізілген.

«Тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланғаны үшін «АМӨЗ» ЖШС-ға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 419-бабының 1-бөлігімен 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Атмосфералық ауадағы мұнай өнімдерінің зиянды газдарының нақты мөлшерін анықтауға және асып кеткен жағдайда адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болдырмауға мүмкіндік беретін стационарлық газ анализаторларының үздіксіз жұмысы аталған кәсіпорын пайдаланатын өлшеу құралдарының жарамдылығына байланысты көрсетілген құқық бұзушылықтарға жол берілмейді», — деп хабарлады жергілікті департаменттен.

Back to top button