Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраудағы құс фабрикасының жұмысын тоқтатқанына екі жыл болған

Бұл туралы Казинформ тілшісі жазды.

Құс фабрикасын Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосқан. Онда жылына 800 тонна құс етін өндіру көзделген. Алайда, құс фабрикасының құрылтайшысы Жанар Аманғалиеваның айтуынша, екі жылдан бері жұмыс тоқтап тұр.

«Бұл фабрика қоспасыз әрі химикатсыз құс өнімдерін шығарды. Тек ауданды емес, облыс тұрғындарын таза құс етімен қамтамасыз еткен едік. Бизнеске алынған субсидияны кері қайтарамыз деп, шығынға ұшырадық. Бірақ, ешбір техника бұзылған жоқ. Ал, 50-ге жуық қызметкерім жұмыссыз отыр. Енді осы кәсібімді жандардыру үшін 4-5 пайызбен қайтарымды қаржы сұраймын. Жұмыс бастаған соң алты айдан кейін қарызымды қайтара бастаймын», — дейді Жанар Аманғалиева.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жауапты басшыларға жергілікті құс фабрикасының жұмысын жандандыруды қарастыру туралы тапсырма берді. Құс фабрикасының құрылтайшысына шілдеге дейін бизнес-жоспар дайындап, кейін бірлесе талқылауды ұсынды.

Back to top button