Атырау облыстық қан орталығы директорының орынбасары Самат Жолдыбаевтың айтуынша, барлық донордан 3407 доза эритроцит құрамдас қан компоненті, 608 доза криопреципитат және 405 доза тромбоцит құрамдас компонент дайындалған.
«Қазір донорлар үшін барлық қолайлы жағдай жасалып отыр. Қан орталығының зертханалары жоғары технологиялық құралдармен жабдықталды. Донордан алынған қанды әзірлеу және қайта өңдеу бөлімшелері қажетті медициналық құралдармен толық қамтамасыз етілді. Қан компоненттерін әзірлеу, барлық түрін дайындау мен тексерудің кезеңдері компьютерлік және автоматтандырылған жүйемен жүргізіледі. Орталық инфекциялық, иммунологиялық, вирусологиялық қауіпсіздіктің максималды өлшемдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи стандарттарға сәйкес жұмыс істейді», — деді Самат Жолдыбаев.