Бұл туралы төтенше жағдай департаменті хабарлады. Жану оқиғаларының басым көпшілігі құрғақ шөптің, қоқыс қалдықтарының және ағаш қалдықтарының жануы болған. Аталған жану оқиғаларының негізі адамдардың немқұрайлылығы нәтижесінде туындап отыр.
Әдеттегідей жаз мезгілі басталғаннан кейін жану фактілері көп тіркеледі. Тұрғын үй ауласын уақытылы тазаламау, сөндірілмей тасталған темекі тұқылы оқыс және қайғылы оқиғалардың тууына себепші болады.