Атырау облысына 5 айда шетелден 108 этникалық қазақ көшіп келді. Қандастардың дені бұрын Өзбекстан Республикасында тұрған.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 маусымға дейін 6 елден атамекенге оралғандардың бәрі қандас мәртебесін алған.
«Атырау облысына биылғы 5 айда шет елдерден 89 отбасы көшіп келді. Бұл отбасылардың бәрі, яғни 108 адам этникалық қазақтан құралған. Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды. Қандастардың дені – 86 мүшесі бар 71 Өзбекстан Республикасынан қоныс аударды. Ал, Ресей Федерациясынан 9 отбасы (10 адам), Қытай Халық Республикасынан 6 отбасы (9 адам), Украинадан, Тәжікстан мен Түрікменстан Республикасынан 3 отбасы (3 адам) оралды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.