Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Атырау қаласы 94 эвакуациялық пункт ашылған еді. Онда тұрғындар үшін 10 250 орын дайындалған.
«Тасқын су басу қаупіне байланысты Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан көшірілген тұрғындар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен APEC жоғары колледжінің жатақханасында ашылған эвакуациялық пункттерге орналасқан еді. Қауіп сейілгеннен кейін аталған ауылдың 180 тұрғыны 7 маусым күні өз үйлеріне оралды. Қазір Атырау қаласындағы эвакуациялық пункттерде орналасқан тұрғындар жоқ», -деп хабарлады облыстық жедел штабы