Оларға дайын үйлер мен пәтерлер сатып алынған. Сондай-ақ өңірде 641 үй жаңадан салынады. Оның 487-сінің құрылысы жүріп жатыр. Тек Ырғыз ауданында ғана жердің әлі кеппеуіне байланысты бұл жұмыстар кешеуілдеп тұр.
Темір ауданында 41 баспана қалпына келтіріліп жатыр. Ол үшін 148 миллион теңгеден астам қаржы аударылған.