Атап өтерлігі, тасқын кезінде Индер ауданында мал шығыны орын алған жоқ. Себебі, қауіпті аймақтардағы қожалықтардың мал басы алдын-ала бекітілген қауіпсіз аймақтарға толықтай көшіріліп үлгерді.
«Су тасқыны салдарынан 17 га екпе шөп, 2 га жеміс ағашы, мал шаруашылығымен айналысатын 6 қожалықтың қыстақ және қоражайлары зардап шекті.
Қазіргі уақытта Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары аталған шаруаларға келтірілген залалды айқындау жұмыстарын бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бекіткен қағидалары бойынша, арнайы комиссия құрылып, акт жасалып, есебі жүргізіледі. Шаруа қожалық өкілдерінен өтінемдер қабылданып жатыр. Зардап шеккен шаруа қожалықтарына өтемақы төлеу бойынша жұмыстардың барлығы 1 ай ішінде аяқталатын болады»,- деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мамбетқали Құсайынов.