Атырау облысындағы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов қызметінен кетті. Бүгін Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
Ринат Ибрагимов Мақат ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кеткен. Ол бұл лауазымына 2022 жылғы наурызда тағайындалған. Бұл тағайындауға дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен тергелгенін хабарлады. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жіберілген.
«Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді», — деп хабарлаған болатын облыстық соттың баспасөз қызметі.