Атырау облысындағы Хамит Ерғалиев-Таңдай ауылдарына қатынайтын жолдың үстімен бесінші күн қатарынан тасқын су ағып жатыр.
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, ауылдары бағытындағы жолдың үстімен аққан тасқын су әлі тоқтамаған.
«Соңғы бес күннен бері Х. Ерғалиев-Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр. Судың көп мөлшерде келуіне байланысты асфальт та, оның астындағы топырақта та әбден ылғалданды. Сол себептен, аталған жол бойында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында жүк қозғалысына шектеу енгізілді», -деп хабарлады облыстық жедел штаб.