Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда заңсыз балық аулаушылардан 1,8 тонна бекіре тәркіленді

Атырау облысында «Бекіре – 2024» акциясы кезінде заңсыз балық аулаушылардан 1,8 тонна бекіре тәркіленді.

Еліміздің батысындағы Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысындағы су айдындарында «Бекіре – 2024» балық қорғау акциясы аяқталды. Бұл акция 1 сәуірден 31 мамырға дейін созылды.

«Акцияның мақсаты – браконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау. Іс-шара кезінде Еркінқала елді мекенінде және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде балық қорғау инспекциясымен бірлескен мобильдік топтар жұмыс істеді. Еркінқала, Дамбы, Алғабас ауылдарына қатынайтын жолда автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізілді. Заңсыз балық аулаушылардан 7 қайық, 8 автокөлік, 9 айғақ зат алынды. Заңсыз айналымнан 1 тонна 827 келі бекіре тұқымдас балық, 5 келіден астам қарауылдырығы тәркіленді», — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button