Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда жазғы лагерь 25 маусымға дейін ашылады

Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, биыл мектеп жанынан 146 лагерь ашу жоспарланған.

«Мектеп жанындағы лагерьлер 10 маусымға дейін жұмысын бастайды. Оның кейбірінде тамақ беріледі. Өңірдегі төтенше жағдайға байланысты Махамбет ауданындағы «Арай» лагерьді 25 маусымға дейін ашу жоспарланып отыр», — деп хабарлады Орынтай Биманова.

Бұл өңірдегі Индер ауданында «Жас өркен» лагері бар. Алайда, аталған лагерь оқушыларды қабылдамайды. Өйткені бұл лагерьге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізу көзделген.

Облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптың 122 768 оқушысын қамту жоспаланған. Бұл – мектеп жасындағы оқушылардың 93 пайызы.

Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының демеушілігімен атыраулық 128 бала Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы демалыс орталығына аттанған. Олар – 10-14 жас аралығындағы оқушылар.

Back to top button