Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда қауіпті аймақтағы ауылдық округтерде 350 техника жұмыс жасауда

Атырау қаласы маңындағы қауіпті аймақта орналасқан ауылдық округтерге су тасқынына қарсы 350 техника жұмылдырылды. Оның ішінде 70 техника Соколок каналы бойында жұмыс жасауда.

«Атырау қаласында Жайық өзенінің көтерілуінің шектік деңгейі 500см болса, қазіргі уақытта 600см-ге жетті. Алайда, осы уақытқа дейінгі су тасқынына қарсы жасалған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде Жайықтың көтерілу деңгейі бірқалыпты. Ал су басу қаупі бар Қайыршақты, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтерінде күні-түні кезекшілік ұйымдастырылды» дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Еске сала кетейік, су тасқынына қарсы Атырау қаласы және қала маңындағы аумақтарды қосқанда 250,7 шақырымды құрайтын Жайық өзенінің жағасына бөгет салынды.

Back to top button