Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраулық жігіт Жалғансай ауылындағы құлпынай алқабына қайықпен қатынап жүр

Атырау облысы жедел штабының мәліметіне сүйенсек, Дәулет Ғарифолла құлпынай өсіру үшін Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылы маңынан 50 гектар жер алған. Өзі Атырау қаласында тұрады.

«Бізге құлпынай өсіру үшін бөлінген алқап Жайық өзеніне таяу маңда орналасқан еді. Биыл бұл өзеннің жайылмасына мол су шықты. Соған байланысты 0,5 гектарға құлпынай ектік. Біз күн сайын сол алқаптан 2-3 рет құлпынай жинаймыз. Атырау қаласына 60-100 келі құлпынай әкеліп жүрміз. Қазір құлпынай алқабы су ортасында тұр. Сол себептен, біз құлпынай алқабына қайықпен қатынауға мәжбүрміз. Бірақ, тасқын судың молдығы біздің ісімізге кедергі келтірген жоқ», — дейді Дәулет Ғарифолла.

Back to top button