Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Махуов Тілек Алдабергенұлы тағайындалды.

Махуов Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған.

1999 жыл — Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Мұнай және газ кәсіпшілік мәшинелері мен жабдықтары» мамандығын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс пен қала шаруашылығы» мамандығын алған.

Еңбек жолын 1999 жылдан «Болат-Жол» АҚ жұмысшы болып бастаған. 2004 жылдан мемлекеттік қызметте, 2004-2006 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, 2006-2008 жылдары қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы, Индер аудандық, Атырау қаласының «Қалакөркемдеу» КМК жоспарлау және құрылыс бөлімінің басшысы, 2009-2010 жылдары «ТМ Проект Строй» ЖШС бас инженері, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаменті Күрделі құрылыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы, 2013-2014 жылдары Астана қаласындағы «Аутсорсинг-Кадры», «BI-Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде прораб, жетекші маманы, 2014 -2017 жылдары Атырау облысы Жылой ауданы құрылысы, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2017-2022 жылдары «БатысҚұрылысИнвест» ЖШС атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарған.

Тағайындалғанға дейін 2023 жылдан бастап, Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Back to top button